Сурет: ru.freepik.com
Адамның діңгек жасушаларынан алынған қозғалтқыш нейрондар мен кардиомиоциттерді бірге өсіру арқылы қалыптасқан нейробұлшықет жүйесі – роботтың негізгі ерекшелігі. Жасушалар екіжақты жылдам байланыстардың қалыптасуына мүмкіндік беретін арнайы микрофлюидті құрылғыда өсірілген.
Зерттеушілер жиілікті мультиплекстеу жүйесін пайдалана отырып, робот миының нейрондарын іске қосқан. Бұл жүзгіштердің қозғалысын бақылауға, жүзу жылдамдығы мен бағытын реттеуге көмектеседі.
Сынақ барысында робот 0,52 мм/с жылдамдықта жылжып, жүзгіштерімен секундына екі ретке дейін қозғалыс жасаған. Сондай-ақ ол әр миллиметрге 0,11 радиан қисық жасап айнала алған.
Көптеген биороботтан айырмашылығы, бұл – адам жүйке жүйесі біріктірілген алғашқы жүйе. Аталған робот қоршаған ортаның өзгерістеріне тиімді бейімделуге мүмкіндік береді. Зерттеушілер өздерінің әзірлемесі болашақта қоршаған орта сигналдарын қабылдап үйрене алатын күрделі биогибридті құрылғылар жасауға негіз бола алатынын айтады.