Аймақтар • 16 Қазан, 2024

Оралда эндоскопиялық орталық ашылды

157 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қаласындағы көпбейінді қалалық аурухана базасында жапондық заманауи жабдықтар орнатылған эндоскопиялық орталық ашылды.

Оралда эндоскопиялық орталық ашылды

Эндоскопия – скальпельдің кө­мегінсіз қуыс мүшелерді қа­рау­ға мүмкіндік беретін аспап­тық диаг­ностика. Жаңа орталық пациенттерге диаг­ностика мен емдеудің ең озық әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін заманауи қондырғылармен жабдықталған. Орта­лықтағы аспаптар арқы­лы эндоскопиялық, рент­гено­ло­гиялық зерттеуді бірік­тіріп, асқазан-ішек жолда­рының жо­ғар­ғы бөлігіне, өт жолдарына, ұйқы безі мен ас қорыту жол­дарының ауруларына сапалы диаг­ностика жасауға, тиімді ем­деу­ді қамтамасыз етуге болады дейді мамандар.

Оралдағы орталықтың ашы­луы­­­на А.Н.Сыз­ға­нов атындағы Ұлт­­­­тық хирур­гия ғылыми орта­­лы­­­ғынан Стратегиялық даму бөлі­­мінің басшысы, медицина ғы­лым­да­рының канди­даты, жо­ғары санатты хирург дәрігер Оңласын Ибекенов пен кли­­никалық фи­зио­­логия және эндоскопия бөлі­мінің мең­ге­ру­ші­сі Абан Әбдірашев арнайы шақырылған екен.

– Бүгінде көптеген операция эндоскопиялық араласулардың көмегімен жасалады. Әсіресе асқазан-ішек жолдарынан қан кету кезінде эндоскопиялық гемостаз жасау арқылы қан кетуді 90 пайызға дейін тоқтатуға болады. Бұрын ашық операциялар жасалатын, өлім-жітім де өте жоғары болатын. Қазір тек эндоскопиялық гемос­таз арқылы қанды тоқтатып, сыр­қат­тың асқазан-ішек жолдарынан қан кету кезінде болатын шетін оқиғалар санын азайттық, – дейді Оңласын Төлегенұлы.

Жаңа орталықта асқазан-ішек жолдарының патологияла­рына, өкпе-қолқа ауруларына диагностикалық зерттеу жасалады. Эндоскопиялық әдіспен емдеу жүргізіледі. Ал инвазивті операциялар ауруханада жату уақытын қысқартып, оңалту кезе­­ңін азайтуға мүмкіндік береді. Облыс тұрғындары мұнда диаг­ностикалық тексеруден (ФГДС, колоноскопия) өту немесе ем қабыл­дауға (полипэктомия) өз мекен­­­жайында тіркелген емха­наның жолдамасы арқылы келе алады. Орталықтың ашылуына орай өткен салтанатты іс-шарадан соң Ұлттық ғылыми хирургия орталығы мамандары «Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия» (EPST), «Өңештің варикозды тамырларын эндоскопиялық байлау» (VRVP) жөнінде шеберлік сағатын өткізді.

 

Батыс Қазақстан облысы