Фото: Устинка LIVE / В.Иванов
ustinka.kz-тің жазуынша аталған мүмкіндік 2025 жылдан басталады. Қазіргі уақытта өңірде осындай мүмкіндікке аз қамтылған отбасылардан шыққан 5 312 бала ие екен, сол орайда 178,1 миллион теңге қаржы бөлінген.
Келер жылы облыста жәрдемақы алушылардың тізімін кеңейту жоспарға алынған.
«Енді келесі жылдан бастап «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар үшін қалааралық және ауданаралық қоғамдық көліктер тегін болады. Оған қажет қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді», деді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қуаныш Акрам.