Фото: olympic.kz
Ұлттық олимпиадалық комитет бәсі жоғары бұл бәсекеге кез келген мерген шақырту алмайтынын мәлімдеді. Осындай мәртебе Қазақстанның 4 мергеніне бұйырған.
Бұл сында оқпен атудан Никита Чирюкин және Константин Малиновский ел намысын қорғайды. Ал Мария Дмитриенко мен Әсем Орынбай стенд атудан жүлдеге таласады.
Қатысушылар арасында Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен былтырғы Әлем кубогінің жеңімпаздары, сонымен бірге әлемдік рейтингте жоғары орындарда тұрған мергендер бар. Одан бөлек турнирге арнайы шақырту бойынша да қатысуға болады.