Экономика • 16 Қазан, 2024

Шетелдік банк филиалдарын ашуға қойылатын талаптар өзгереді

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін мәжілісмендер қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.

Шетелдік банк филиалдарын ашуға қойылатын талаптар өзгереді

Фото: syrboyi.kz

Заң жобасы Мемлекет басшысының банк секторындағы рұқсат беру талаптарын оңтайландыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген. Сондай-ақ қаржы нарығын одан әрі дамыту мен бәсекелестікті арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін шетелдік банктердің филиалдарын тартуға бағытталған.

Қаржы нарығын дамыту туралы бұл заң жобасы банк секторына инвестиция тартудағы әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған. Осыған байланысты еншілес шетелдік банктер мен олардың филиалдарын ашу талаптары жеңілдейді. Бейрезидент банктің уәкілетті органға ұсынатын құжаттар тізімі қысқартылады.

«Шетелдік банктің жиынтық активтерінің ең төменгі көлемін 20-дан 10 миллиард АҚШ долларына дейін қысқарту жоспарланған. Сонымен қатар шетелдік банктердің филиалдарына жеке тұлғалардың депозиттерін тарту, төлем карточкаларын шығару, шетел валютасымен айырбастау операциялары, синдикатталған қаржыландыру және басқа да қызметтерді көрсетуге рұқсат етіледі», делінген Мәжіліс хабарламасында.