Әлем • Бүгін, 15:02

Әлемдегі ең жылдам боксшы рекордын жаңартты (видео)

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ирандық боксшы Юсеф Имани бір минутта ең көп соққы жасау бойынша Гиннес рекордын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдегі ең жылдам боксшы рекордын жаңартты (видео)

Фото: Видеодан алынған кадр

Бұл жетістіктің видеосын Гиннестің рекордтар кітабының баспасөз қызметі жариялап, 16 сағат ішінде миллионнан астам қаралым жинаған. 

Айта кетейік, ирандық боксшы бір минут ішінде арнайы төсемді 449 рет ұрған.

Еске сала кетейік,  ирандық боксшы 2021 жылы арнайы төсемді 403 рет ұрған. Сол кездің өзінде ол әлемдегі ең жылдам боксшы атанған еді.

Рекордтық көрсеткіш Иранның Киш аралында 2024 жылдың қаңтарында орнатылғаны, бірақ қазір ғана ресми түрде жарияланғаны атап өтілді.