Дін • 17 Қазан, 2024

Қасиетті Рамазан айы қашан басталады

1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасиетті Рамазан айы қашан басталады

Кестеге сәйкес қасиетті Рамазан айының бірінші күні 1 наурызға сәйкес келеді.

Ораза айт 30 наурызға, ал Құрбан айт күндері 6-8 маусым аралығына түседі.

«Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Таразда көлік өртенді

Қоғам • Бүгін, 13:22

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 08:10