«Таза Қазақстан» • 17 Қазан, 2024

Тазалыққа үндеген акция

99 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау облысында «Таза Қа­зақстан» жалпыұлттық эколо­гиялық акциясы аясында Жайық өзенінің жа­ғалауын қоқыстан тазарту әлі жалғасып келеді. Ак­ция кезінде жағалаудағы қо­қыстар жиналып, көшет­тер егілді.

Тазалыққа үндеген акция

«Инфо центр» қоғамдық бірлестігінің директоры Заманбек Құрақбайдың мәлі­метінше, көктемгі су тасқыны кезінде Жайық өзенінің жағалауына топырақ са­лынған 5 млн-ға жуық қап төселген еді. Су деңгейі төмендегеннен бері өзен жа­ғалауын тазарту жұмысы жүріп жатыр.

«Табиғатты қорғау акциясы жас­тардың санасында отансүйгіштік, туған елге, қоршаған ортаға жанашырлық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Акцияға қаты­­сушылар өзен жағасын арамшөп пен түрлі қоқыстан тазартты», дейді З.Құ­рақ­бай.

ап

Жыл соңына дейін «Таза Қазақстан» акциясы аясында 19 табиғат қорғау іс-шарасын іске асыру көзделіп отыр. Осы кезге дейін оннан астам сенбілік өткізілді. Сенбілікке 45 мыңнан астам адам қатысты. Қоқыс полигондарына 1 500 тоннадан астам қоқыс тасылды. Өткен аптада акция аясында 1 мыңға жуық көшет егілді. Игілікті шара Атырау қаласындағы «От­басы» сая­бағында өтті. Атырау облыстық экология департаментінің бас маманы Ақтолқын Қалдыбаеваның пікірінше, қоршаған ортаға жанашырлық танытатын мұндай іс-шараның маңызы зор. Акцияға қатысқандардың дені – мұнай-газ өнеркәсібінің қызметкерлері. Сондай-ақ қала тұрғындары, спортшылар мен студенттер де қатысты.

«Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Осыған орай Атырау қаласы мен 7 ауданда көшет егу, қоршаған ортаны тазалау жұмысы әр сенбі сайын ұйымдастырылып келеді. Ал табиғатты жасыл желекке бөлеудің бірден-бір жолы – көшетті көптеп егу. Бірін­шіден, бұл экологиялық ахуалды жақ­сартады. Екіншіден, атмосфералық ауа са­пасына да оң ықпал етеді», дейді А.Қалдыбаева.

 

Атырау облысы