Фото: CLEMENS BILAN/ EPA / TASS
Аргентина ақпарат құралдарының хабарлауынша, сәрсенбі, 16 қазанда әнші CasaSur Palermo қонақүйінің үшінші қабатының балконынан құлап кеткен. Қайғылы оқиға алдында полицияға қонақүйден «есірткі немесе алкогольдік масаң күйде болуы мүмкін агрессивті ер адам» туралы жедел қоңырау келіп түскен.
Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметі әншінің ауыр жарақат алғанын, оның ішінде бас сүйегі сынған деген күдік бар екенін және оның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын атап өткен.
Буэнос-Айрес жедел жәрдем қызметінің басшысы Альберто Кресценти жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында әншінің қайтыс болғанын растады.