Қоғам • 18 Қазан, 2024

«Алматы-Қостанай» бағытында жаңа вагондар қатынайды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жолаушылар вагондары паркін кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы-Қостанай» бағытында жаңа вагондар қатынайды

Фото: baq.kz

Көлік министрлігінің мәліметінше, «Түрксіб Астана» ЖШС жеке тасымалдаушысының паркі 2024 жылы шығарылған купе және плацкарт үлгісіндегі 10 жаңа жолаушылар вагонымен толықты. Сонымен қатар оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы штабтық вагон бар.

Айта кетейік, барлық вагон «Зиксто» АҚ отандық өндірушісінен сатып алынған. Вагондар ауа баптағыш жүйелерімен және биоәжетханалармен жабдықталған. 

«Жоғарыда аталған жаңа жолаушылар вагондары биылғы қараша айынан бастап №43/44 «Қостанай-Алматы» бағыты бойынша қатынайды. Айта кету керек, бұл бағытта қатынайтын вагандор әбден ескірген және жолаушылар тарапынан үнемі шағымдар болатын», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, биыл 122 бірлік жаңа вагон әкелінген, жыл соңына дейін тағы 18 бірлік жеткізіледі деп жоспарланған.