Фото: kolesa.kz
Алматыда күн райының күрт бұзылуына байланысты полиция жүргізушілерге қысқы дөңгелекке өту керек екенін ескертті.
«Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау үшін көлік жүргізушілері мен автокөлік иелеріне дөңгелектерін қысқы кезеңге ауыстыруды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз», деді ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Елімізде көлік жүргізушілері қыстың 3 айында осы мезгілге арналған дөңгелекпен жүруге міндетті. Ал 1 желтоқсанға дейін қысқы дөңгелекке ауыспаған жүргізушілерге айыппұл салынады. Ережені ескермегендерге әкімшілік кодекстің 590-бабы 5-бөлігі бойынша 5 АЕК айыппұл салынады.