Экология • 20 Қазан, 2024

Каспий теңізінде екі рет жер сілкінді

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жер сілкіністері бір-біріне жақын жеті сағаттық айырмашылықпен тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каспий теңізінде екі рет жер сілкінді

Ашық дереккөз

Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеген.

Мамандардың айтуынша, магнитудасы 3,1 болатын алғашқы жер сілкінісі 19 қазанға қараған түні, таңғы сағат 02:02-де тіркелген.

Дәл осындай магнитудадағы екінші дүмпу түскі сағат 11:39-да болған.

Екі жер сілкінісінің ошағы 68 шақырым тереңдікте жатыр.

Бірінші эпицентрдің координаттары – 40°35′24 с.е, 51°40′48 ш.б. Екіншісі – 40°26′24 с.е, 51°55′48 ш.б.

Еске салсақ, 17 қазан күні түнде Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелген.