Оқиға • 21 Қазан, 2024

Автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан 17 адам ұсталды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі Алматыда көліктерді тіркеу бойынша қылмыстық схеманың жойылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан 17 адам ұсталды

Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстық топ көлік құралының бірегей кодын өзгерту және құжаттарды қолдан жасау арқылы автокөліктерді тіркеумен айналысқан. Нәтижесінде VIN-кодтарды қолдан өзгерткен жерасты цехының жұмысы әшкереленген. Тіркеуге заңсыз қойылған 150-ден астам автокөлік анықталған.

«Қылмыстық іс-әрекетке арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің және делдалдардың қатысы анықталды. Бір дропперге 50 автокөлікке дейін тіркелген. 17 күдікті ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. АЕҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп тексеру жалғасып жатыр», деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі Қуандық Алпыс.

Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал шамамен 320 млн теңгеден асқан.

Айта кетейік алаяқтық, мәліметтер базасындағы ақпаратты заңсыз өзгерту мен көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлерін қолдан жасау фактілері бойынша 17 қылмыстық іс тергеліп жатыр.