Оқиға • 21 Қазан, 2024

Нұрқанат Жақыпбай – Түркі дүниесінің ең үздік режиссері

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жастар» театрының көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай «түркі дүниесінің театр өнеріне қосқан үлкен үлесі мен жаңашылдығы» үшін «Түркі дүниесінің ең үздік режиссері» арнайы сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрқанат Жақыпбай – Түркі дүниесінің ең үздік режиссері

Түркменстанның Ашхабад қаласында өткен түркі дүниесінің 2-ші халықаралық театр фестивалінде қазақтың атақты режиссері, Қазақстанның мелекеттік сыйлығының лауреаты, көптеген халықаралық фестивальдердің бас бәйге иегері, «Жастар» театрының көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай «түркі дүниесінің театр өнеріне қосқан үлкен үлесі мен жаңашылдығы» үшін «Түркі дүниесінің ең үздік режиссері» арнайы сыйлығына ие болды.

Түркі мемлекеттері арасында алғашқы рет тапсырылып отырған бұл марапат халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы тарапынан берілді.

1