Спорт • 21 Қазан, 2024

Күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Албанияның Тиранда қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды

Фото: olympic.kz

Жастар арасындағы әлем чемпионатының бозкілеміне бірінші болып грек-рим күресінің шеберлері шығады. 21 қазан күні біліктілік раундтары мен жартылай финалдар жоспарланған. Әлем чемпионатын 60,67,72,82,92 келіге дейінгі салмақтағы балуандар ашады. 

Ел командасынан бүгін мына балуандар бақ сынайды: 

  • 60 келіге дейінгі салмақта: Досжан Өтепқалиев;
  • 67 келіге дейінгі салмақта: Дінмұхаммед Қошқар;
  • 72 келіге дейінгі салмақта: Мерей Мәулітханов;
  • 82 келіге дейінгі салмақта: Альмир Төлебаев;
  • 97 келіге дейінгі салмақта: Ерзат Ерланов.