Оқиға • 21 Қазан, 2024

Маргарет Тэтчерге тиесілі «Достық» ордені саудаға шығарылды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев 2001 жылы Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчерге берілген «Достық» орденінің сатылымға шығарылғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маргарет Тэтчерге тиесілі «Достық» ордені саудаға шығарылды

Фото: Ашық дереккөз

«Біздің заңнамаға сәйкес мемлекеттік наградаларды сатуға жол берілмейді. Тиісті жауапкершілік қылмыстық кодексте қарастырылған. Ал мемлекеттік наградаларды сатқан, саудалаған адам жауапқа тартылуы керек. Ұлыбритания мәселесіне келетін болсақ, біріншіден, Маргарет Тэтчердің аты аңызға айналған тұлға екенін ескеру қажет. Тарихта белгілі бір рөл атқарған мұндай тұлғалардың жеке заттары, кітапханасы, марапаттары аукционға мерзімді түрде қойылуы мүмкін – бұл олардың мәдениетінің бір бөлігі», деді Есқараев.

Министр жауапкершілікке тарту мәселесі бұл басқа да уәкілетті органдардың – Сыртқы істер министрлігінің немесе Мәдениет министрлігінің құзыретіне жататынын атап өтті.

Айта кетейік, 2001 жылы Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчерге берілген Қазақстанның «Достық» ордені шамамен 8 миллион теңгеге сатылымға қойылған. Жарнама британдық антиквариат Питер Харрингтон сайтында пайда болған.