Елорда • 21 Қазан, 2024

Астанада есірткі жарнамалары өшірілді

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада экоакция өтті. Экоакцияда полицейлер мен еріктілер есірткі жарнамаларын өшірді, деп жазады Egemen.kz.

Астанада есірткі жарнамалары өшірілді

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Заңсыз жарнамалар өшірілген акция Янушкевич көшесі, 2-ден басталып, Байқоңыр ауданының бірқатар көшесін қамтыды.

«Біз осындай акцияларды тұрақты негізде өткіземіз. Өкінішке қарай, заңсыз граффити мен жазулар, әсіресе есірткі жарнамасы қаланың сыртқы келбетін бұзып қана қоймай, жастар мен жалпы қоғамға қауіп төндіреді», деді «Астана жастары» ЖРО қызметкері Сұлтан Өмірғалиев.

Экоакцияға қатысушылар заңсыз жарнаманы жоюға бағытталған шаралар елорданың барлық ауданында өтіп, жыл соңына дейін жалғасатынын мәлімдеді.