Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық жауынгерлердің Отанға деген сүйіспеншілігі, еліне деген махаббаты болашақ бейбіт өмір үшін ерлікке бастады. Олардың есімі қазіргі ұрпақтың есінде мәңгі сақталады.
Сол бір сұрапыл соғысқа менің де әкем Алматы облысы, Балқаш ауданынан Шеңгелбай Бәкенов және анам Жамал Инебекованың бауырлары да аттанған еді. Әкем соғыста мерген-атқыш болып, бірнеше жауынгерлік тапсырмаларды абыроймен орындап, І дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған және «Берлинді алғаны үшін» медалімен марапатталған.
Қазақстандық жауынгерлердің қатарында әкем Шеңгелбай Ұлы Жеңіске өз үлесін қосып, Берлинге дейін жетіп, Рейхстагтың алдында өткен Жеңіс парадына қатысып, кейін Жапонияның Квантун армиясын талқандауға да өз үлесін қосқан ержүрек жауынгер. Сондай-ақ, Ұлы Жеңіске зор үлесін қосқан тылдағы еңбекті айтпасқа болмайды. Қарттарымыз бен аналарымыз, жас балаға дейін күндіз-түні еңбек етіп, майдандағы жауынгерлерді оқ-дәрімен, азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етіп отырды.
Менің анам Жамал Инебекова екі тілді бірдей меңгерген сауатты адам болған. Соғыс басталғанда анам 18 жаста екен. Жас болса да тылдағы еңбекке белсене қатысып, комсомол комитетінің хатшысы, есепші, байланыс жүйесінің қызметін атқарып, аудан мен колхоз арасындағы күнделікті еңбек майданындағы мәліметтерді жүйелеп, ауданға есеп беріп отырған. Тағы да басқа қызметтер атқара отырып, Ұлы Жеңіске өзіндік үлесін қосқан. Анам Жамал Инебекова 1947 жылы СССР Жоғарғы Советінің бұйрығымен «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Қазақстан халқы соғыс жылдарында басына түскен қиыншылықтарды көтере білді. Олар кескілескен шайқастағы ерлікте, тылдағы еңбекте қарапайымдылық пен ұлылықтың өнегесін көрсетті. Бірлік пен татулық бар жерде алынбайтын қамал жоқ екенін дәлелдеді.
Жібек БӘКЕНОВА,
орта мектеп-гимназия мұғалімі.
Қапшағай.

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25