Мектеп • 22 Қазан, 2024

Түркістандағы алғашқы «Жайлы мектеп»

93 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Облыс орталығында 2 000 орынға есептелген алғашқы жайлы мектеп пайда­­­лану­­ға берілді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында заманауи, озық үлгідегі білім ошақтары салынып жатыр.

Түркістандағы алғашқы «Жайлы мектеп»

Бұл бас­тама апатты және үш ауысым­дық мектептер мәселесін шешіп, оқушы орындарының тапшылығын жояды. Биыл Түркістан облысында жалпы сыйымдылығы 17 800 орын болатын 29 жайлы мектептің құрылысы жүргізіліп отыр.

Жайлы мектептердің алғаш­қысының ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен білім саласының ардагерлері қатысты. Жаңа білім ұясы қаладағы 2 мектеп­тегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте мұнда №28 мектеп-лицейінің оқушылары көшіп келді. Қазіргі таңда 66 педагог ауысу тәртібімен, 7 педагог конкурстық тәртіппен қабылданған. Оқушы санының толығуына қарай өзге де ұстаздар конкурстық рәсіммен қабылдана­тын болады. Арнайы іріктелген ұстаз­дардан бөлек, қаржы, шаруа­шылық қызметкерлері жұмысқа алынған. 

р

Облыс орталығының жаңа қала аумағында салынған 4 қабатты білім ордасындағы физика, химия, биология және роботтехника кабинет­тері заманауи жабдықтармен қамтыл­­ған. Білім алушылардың жан-жақты дамуы үшін мектепте спорт, шебер­лік залдары, зертханалар мен демалыс аймақтары ұйымдастырыл­ған. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған. Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары жекелеген блоктарда оқиды. Балалар­дың жас ерекшелігіне орай блоктар­дың әрқайсысы оқу сыныптарымен, санитарлық тораптармен, спорт залдарымен және жекеше­леген кіш­кене шкафтармен қамтыл­ған. Ерек­ше қажеттілігі бар балалар үшін инклюзивті кабинеттер, пандустар, жедел сатылар, арнайы бейімделген әжетханалар салынған. «Облыста білім саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Оқу-тәрбие жұмыстарына қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс әкімдігі барлық қажетті шараны қабыл­дап отыр. Соның ішінде білім ошақта­ры­ның аумағы мен ғимарат ішінде оқушылардың қауіпсіздігін толық­тай қамтамасыз ету басты мін­дет­тер қатарында. Мектептер бейне­­бақылау, дабыл жүйелері­мен қам­тылып, полицияның жедел басқару орталығымен интеграцияланды. Сіздердің мектептеріңіз жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл – даму мен оқу үшін тамаша жағдай жасалған орын. Еліміздің болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Олар­дың оқуда озат болып, қоғамның бар­лық саласында биік белестерді бағын­дыруына тілектеспін», деді облыс әкімі мектептің ашылу салтанатында.

Жоғарыда айтып өткеніміз­дей, Президенттің тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 29 мектеп салынады. Жалпы, «Жайлы мектеп» ұлт­тық жобасы шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуат­тылығы 49 мың оқушы орындық 63 мектептің құрылысын жүр­гізу жоспарланған. Облыс әкімі­нің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев­тың айтуынша, жайлы мектептен бөлек облыстық бюджеттен және арнайы қордың қаржы көздерінен 20 мектеп пен 1 музыкалық мектеп бой көтерді. Оның төртеуі ел игілігіне тапсырылған. Қалған мек­тептердің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы, биыл 14 білім ны­санын тапсыру көзделсе, 7 мек­тептің құры­лысы ке­лесі жылы аяқталады деп жоспар­ланып отыр. Түр­­лі жоба мен қаржыландыру көз­­дері есе­бінен екі жылда 50 білім ныса­­ны пайдалануға берілгенде өңір­дегі апат­ты және үш ауысымды мек­­теп­­­­тер мәселесі толық шешімін табады.

 

Түркістан облысы