Қазақстанда экономикалық-әлеуметтік дамудың, демократиялық ілгерілеудің айқын бағдары бар. Менің Ақтөбеге келмегеніме 15 жылдай болған еді. Енді, міне, Ресейдің Орынбор облысынан 19 байқаушы қатарында жолым түсті.
Бізді өздеріміз бекітілген сайлау учаскелерінде жылы шыраймен қарсы алып, сайлау науқанының өту барысын байқауымызға жағдай жасалды, толық ақпарат алдық. Алдымен Металлургтер мәдениет үйінде орналасқан №38 сайлау учаскесіне келгенімізде, адамдардың қарасы көптігі тәнті етті. Сайлау учаскелері уақтылы ашылды. Сайлау жәшіктерін ретке келтіру, бюллетеньдерді тарату заңға сәйкес жүргізілді. Халық мерекеге келгендей ертелетіп жиналды. Бірінші дауыс берген сайлаушыға, ең жас және қарт сайлаушыға құрмет көрсету де ұмытылмады, сый-сияпат жасалды. Ең бастысы, сайлауды ұйымдастыруда кемшілікке жол берілмеді. Мұның өзі халықтың президенттік сайлауға қаншалықты мән беретінін, елдің ертеңіне бейжай қарай алмайтынын көрсетеді.
Жалпы облыста да, қалада да оң өзгерістер көп екен. Осының өзі елдегі тұрақтылық пен татулықтың арқасы екені анық. Ақтөбе Қазақстанның әдемі қалаларының біріне айналған. Бұл да Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесі екені сөзсіз. Тұрғындардың көңіл-күйі көтеріңкі. Сайлау басталғанда осы учаскеде бір қыз бала виоленчель ойнап, әдемі әсерге бөледі. Халықтың сайлауға ұйымшылдықпен қатысқанын көрдік. Екінші учаскеде де осындай ұйымшылдықты аңғардық. Сайлаушылардың демократиялық мәдениетке дағдыланып қалғаны айқын көрінді. Бір сөзбен айтқанда, нағыз демократиялық сайлау болды.
Алдын ала есептеулердің өзінде Н.Назарбаевтың өзге үміткерлерге қарағанда қара үзіп шыққаны белгілі болды. Президенттеріңіздің кезектен тыс сайлаудағы жеңісімен құттықтаймын. Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі тек сіздер үшін ғана емес, көршілес Ресей үшін де маңызды. Екі елдің арасында көршілік татулық пен ынтымақтастық одан әрі де нығая түсетініне сенім мол. Себебі, Н.Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық одақтың бастамашысы ретінде Ресейде де беделі жоғары. Жалпы, қазақстандықтар өз таңдауларын жасады. Мұның өзі елдің ертеңі үшін сенімділікке берік негіз қалаған шара болды деп айтуға негіз береді.
Олег ДИМОВ,
ТМД миссиясының байқаушысы.
Ақтөбе облысы.

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05