29 Сәуір, 2015

Бұл – нағыз демократиялық сайлау

298 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
олег димовҚазақстанда экономикалық-әлеуметтік дамудың, демократиялық ілгерілеудің айқын бағдары бар. Менің Ақтөбеге келмегеніме 15 жылдай болған еді. Енді, міне, Ресейдің Орынбор облысынан 19 байқаушы қатарында жолым түсті. Бізді өздеріміз бекітілген сайлау учаскелерінде жылы шыраймен қарсы алып, сайлау науқанының өту барысын байқауымызға жағдай жасалды, толық ақпарат алдық. Алдымен Металлургтер мәдениет үйінде орналасқан №38 сайлау учаскесіне келгенімізде, адамдардың қарасы көптігі тәнті етті. Сайлау учаскелері уақтылы ашылды. Сайлау жәшіктерін ретке келтіру, бюллетеньдерді тарату заңға сәйкес жүргізілді. Халық мерекеге келгендей ертелетіп жиналды. Бірінші дауыс берген сайлаушыға, ең жас және қарт сайлаушыға құрмет көрсету де ұмытылмады, сый-сияпат жасалды. Ең бастысы, сайлауды ұйымдастыруда кемшілікке жол берілмеді. Мұның өзі халықтың президенттік сайлауға қаншалықты мән беретінін, елдің ертеңіне бейжай қарай алмайтынын көрсетеді. Жалпы облыста да, қалада да оң өзгерістер көп екен. Осының өзі елдегі тұрақтылық пен татулықтың арқасы екені анық. Ақтөбе Қазақстанның әдемі қалаларының біріне айналған. Бұл да Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесі екені сөзсіз. Тұрғындардың көңіл-күйі көтеріңкі. Сайлау басталғанда осы учаскеде бір қыз бала виоленчель ойнап, әдемі әсерге бөледі. Халықтың сайлауға ұйымшылдықпен қатысқанын көрдік. Екінші учаскеде де осындай ұйымшылдықты аңғардық. Сайлаушылардың демократиялық мәдениетке дағдыланып қалғаны айқын көрінді. Бір сөзбен айтқанда, нағыз демократиялық сайлау болды. Алдын ала есептеулердің өзінде Н.Назарбаевтың өзге үміткерлерге қара­ғанда қара үзіп шыққаны белгілі болды. Президенттеріңіздің кезектен тыс сайлау­дағы жеңісімен құттықтаймын. Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі тек сіздер үшін ғана емес, көршілес Ресей үшін де маңызды. Екі елдің арасында көршілік татулық пен ынтымақтастық одан әрі де нығая түсетініне сенім мол. Себебі, Н.Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық одақтың бастамашысы ретінде Ресейде де беделі жоғары. Жалпы, қазақстандықтар өз таңдауларын жасады. Мұның өзі елдің ертеңі үшін сенімділікке берік негіз қалаған шара болды деп айтуға негіз береді. Олег ДИМОВ, ТМД миссиясының байқаушысы.  Ақтөбе облысы.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20