Спорт • 22 Қазан, 2024

Әлем чемпионаты: Бейбіт Қорғанов жұбаныш айналымына шықты

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Албанияның Тиранада қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында ел балуаны Бейбіт Қорғанов жұбаныш айналымына шықты. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әлем чемпионаты: Бейбіт Қорғанов жұбаныш айналымына шықты

Фото: olympic.kz

97 келіде бозкілемге шыққан Бейбіт Қорғанов 1/8 бәсекесінде армениялық Хайку Хлоянудан жеңілген еді. 

Қарсыластың финалға жолдама алуына байланысты Қорғанов жұбаныш айналымында белдесетін болды. Бұл белдесу бүгін өтеді деп жоспарланған. Отандасымыздың осы айналымдағы қарсыласы - германиялық Антон Вьювег. 

Бейбіт Қорғанов жұбаныш айналымында жеңіске жетсе, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алады.