Спорт • 22 Қазан, 2024

Астанада «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 қазан күні сағат 13:00-де «Барыс Арена» спорт сарайында «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Астанада «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді

Фото: gov.kz

XIII Республикалық қазақ күресі турнирінде облыстық жарыстардың нәтижелері бойынша іріктелген еліміздің ең күшті балуандары бақ сынайды.

Өткен жылғы «Қазақстан Барысы» жеңімпазы және «Әскер Барысы» командасының екі балуаны осы сында жүлдеге таласады.

Турнирдің жеңімпазына 15 миллион теңге көлемінде сыйақы табысталады.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 27 100 000 теңге, оның ішінде 3 720 000 теңге спортшылардың жаттықтырушыларына үлестіріледі.

1-орын сыйақысы — 15 000 000 теңге, 2-орынға — 3 300 000 теңге, 3-орынға — 1 080 000 теңге. Әр жеңген жекпе-жек үшін балуандарға 100 000 теңге беріледі.