Волонтер • 23 Қазан, 2024

Астанада «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Форум аясында Әскери-тарихи мұражайда ҚХА-ның «Жомарт жан» республикалық орталығының Республика күніне арналған отырысы өткізілді.

«Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы 1 наурызда Алғыс айту күні аясында басталды. Қазақстанның барлық өңірлерінен волонтерлер мен қайырымды жандар жиналды.

Акция аясында ерекше назар аударылған «Жүректен жүрекке» және «Мектепке жол» сияқты көптеген экологиялық, волонтерлік және қайырымдылық іс-шаралар өткізілді.

Форумда «Қайырымдылық керуені» акциясына қатысушыларды қайырымдылыққа қосқан елеулі үлесі үшін «Жомарт жан» ҚХА құрмет белгісімен марапаттау рәсімі өтті. Меценаттар, волонтерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері марапаттарға ие болды.

Іс-шарада ерекше қажеттіліктері бар балалар өнер көрсетіп, көпшілік ықыласына бөленді.

Аталған форум тәжірибе алмасудың және қайырымдылық көрсетудің ең озық үлгісін ұсынатын алаң ғана емес, сонымен қатар бірлік пен өзара көмек қоғамды біріктіре алатын қастерлі қасиет екенінің жарқын мысалы болды.