Аймақтар • 23 Қазан, 2024

Қаражалдағы қоныстой

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республика күні қарсаңында Қаражал қаласындағы 10 отбасы пәтер кілтіне ие болды.

Қаражалдағы қоныстой

«Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әлеуметтік осал топтағы жандарды пәтермен қамтамасыз ету – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Пәтер кезегінде тұрғандардың мәселесін шешу мақсатында мемлекет тарапынан қолдау  көрсетіліп келеді. Соның бір дәлелі, бүгін 10 отбасының баспана түйіні тарқатылды», деді құттықтау сөз сөйлеген қала басшысы  А.Елеусізов.

Қоныстойын тойлаған Қаражал тұрғындарының қуанышы Жезқазған қаласы мен Жәйрем кентіндегі пәтер кезегінде тұрған бірсыпыра тұрғындарға жұғысты болатын тәрізді. Өйткені, жақын күндері бұларда да жаңа қоныстойлар тойланады.

 

Ұлытау облысы