Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 2015 жыл өзіндік жұмыс ырғағымен басталды. Нақтырақ айтқанда, әскери-жауынгерлік жоспарға сәйкес Шекара академиясының оқу орталығында өңірлік басқармалардың, құрамалар мен әскери бөлімдер командирлерінің оқу-методикалық жиыны болып өтті.
Еліміздің барлық өңірлерінен келген басшылық құрам Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары – бас штаб бастығы Е. Алдажұмановтың, директордың орынбасары полковник М. Сәбидолдановтың және орталық аппарат офицерлерінің басшылығымен әскери-жауынгерлік, денешынықтыру және саптық қозғалыс пәндері бойынша өз білімдерін қайта пысықтады. Сондай-ақ, жиын бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдылықтарын оқыту, Қарулы Күштердің жарғыларын пысықтау үшін арнайы семинар, лекциялар ұйымдастырылды. Жиын барысында көшпелі практикалық сабақтар өткізу де басты назарда болды. Оның ішінде командирлер Алматы гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің, жөндеу зауытының, орталық қойманың тыныс-тіршілігімен танысты.
Жиын соңында Шекара қызметінің басшысы полковник Д. Ділманов ең алдымен жиынның жоғары деңгейде, жинақы жағдайда өткізілгенін атап өтті. Осындай ұйымдастырушылық қызметі үшін Шекара академиясының, Кинологиялық орталықтың және орталық аппараттың офицерлеріне ризашылығын білдірді. Кез келген іс-шара кемшіліксіз болмайды. Жиын қорытындысы бойынша нашар баға алған бірқатар офицерлер сын тезіне ұшырады. Бұл мәселе арнайы жиналыс барысында қаралатындығы айтылды, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметі.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше