Таным • 24 Қазан, 2024

Ғалам ғажаптары: «Тозақ қақпасы»

124 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Археологтер «Тозақ қақпасында» адамдардың өмір сүргенін дәлелдейтін айғақтар тапты.

Ғалам ғажаптары: «Тозақ қақпасы»

Ғалымдар жер бетіндегі өмір сүруге ең қолайсыз аймақтардың бірін зерттеді. Бұл – Сауд Арабиясындағы бұрын нео­лит дәуіріне тиесілі жұмбақ құрылыстар табылған өңір. Оны ғалымдар «Тозақ қақпасы» деп атайды. Бұл жер жанартаудың атқылауы нәтижесінде қалыптасқан. Мұн­да шамамен 9000 жылдық тарихы кездеседі 400-ге жуық құрылыс кездеседі. Бұндай көне қорымдардың табылуы – сирек жағдай. Ға­лымдардың пікірінше, бұл құрылыс аумағынан ежелгі адамдардың жабайы жануарларды қолға үйреткенін айғақтайтын деректер табылған.

 

Рубик жинаудан рекорд орнатты

ва

Рубик кубын көз ілеспес жыл­дам­дықта жинаған робот Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Mitsubishi Electric инженерлері әзірлеген робот басқатырғышты 0,305 секундта жинап шыққан. Бұл – көзді ашып-жұмғандай-ақ уақыт. Өткен жылы адамдар арасындағы рекорд 3,13 секундты құраған. Инженерлер бұл роботты 2022 жылы жасай бастаған. Олар бастапқыда электр құрылғыларының қозғалтқышындағы сымды қолданып, роботты 0,009 секунд ішінде кубтың бір жағын 90 градусқа бұра алатындай еткен. Алайда ол бірінші сынақта сүрініп, құрастырушылар баптауларын қайта жөндегеннен кейін рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Инженерлердің айтуынша, нәтиже қозғалт­қыштардың айналу жылдамдығына ғана емес, барлық қозғалыстың синхрондалуына да байланысты.

 

Сал ауруын емдеудің жаңа түрі

ва

Майо клиникасының мамандары пациенттің діңгекті жасушаларын қолданып, жұлынын қалпына келтірді.

Жеті жыл бұрын серфиң кезінде болған жазатайым оқиғадан кейін пациент мойны­нан төмен сал ауруына ұшыраған. Науқас діңгекті жасушалармен емдеу терапиясынан кейін жүріп-тұра алатын дәрежеге жеткен. Крис Барр – Майо клиникасындағы зерттеудің алғашқы қатысушысы. Дә­рігер­лер оның денесінен діңгекті жасушаларды жинап, зертханада 100 миллионға дейін көбейткен, содан кейін оларды пациенттің бел омыртқасына енгізген. Барр ем-шарадан кейінгі бес жыл ішінде жағдайының жақсара бастағанын айтқан. Бұл зерттеуге тағы 10 науқас қатысып, олардың жетеуінде бұлшықет күші артқаны және сезімталдықтың жоғарылағаны байқалған.