Фото: freepik.com
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, елімізде 12 мыңға жуық кітапхана бар, олардың 4 мыңға жуығы аталған ведомствоның қарамағында. 9,5 мыңнан астам кітапханашы 73 миллионға жуық кітапты сақтаумен айналысады. 2020-2024 жылдар аралығында көпшілік кітапхана пайдаланушыларының саны 3 миллионнан 5 миллионға дейін өскен. Электронды кітаптар мен құжаттарға жыл сайын 110 елдің пайдаланушылары жүгінеді екен.
«Министрлік кітапханаларды жаңғырту, оларды жабдықтау мен қорларды толықтыру жұмыстарын жалғастырып жатыр. «Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана» жобасы айтарлықтай дамып келеді. Сіздердің еңбектеріңіз бен мәдени мұраны сақтау жолындағы үлестеріңізге шынайы алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға зор денсаулық пен табыс тілейміз», делінген ведомство ақпаратында.