фото www.vr.zp.ua
Министрліктің мәлімдеуінше, қазір Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынын тұтыну ерекше артып отыр. Қаржы мониторингі агенттігінің айтуынша жанар-жағармайдың заңсыз экспортының ай сайынғы көлемі 10 мың тоннаға жеткен. Оның басты себебі баға айырмашылығында болып отыр. Қазақстанда жанар-жағармай бағасы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен.
«Энергетика министрінің 2023 жылғы 24 наурыздағы №118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы энергетика, сауда және интеграция, қаржы және ұлттық экономика министрліктерінің бірлескен бұйрығының жобасы дайындалды. Бұйрық жобасында мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салу мерзімін 2024 жылғы 31 желтоқсаннан 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделген. Мұнай өнімдерін экспорттауды бақылауды күшейту қажет», делінген хабарламада.