Руханият • 24 Қазан, 2024

Маңғыстауда діни экстремизмнің алдын-алу бағытында іс-шаралар өтті

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында Маңғыстау облысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының  мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда діни экстремизмнің алдын-алу бағытында іс-шаралар өтті

Атап айтсақ, «Әлеуметтік желідегі күмәнді сайттардың қаупін түсіндіру», «Зайырлы қоғам және мемлекет дамуының зайырлылық принциптері», «Рухани келісім – қоғамның басты құндылығы» атты тақырыптарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

дін

Осыған сәйкес Атырау облысы, ««Шапағат» ДДА жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ теолог маманы Айнагүл Нұрғалиева, «Қарағанды облысы конфессияаралық проблемаларын зерттеу және талдау орталығының» психолог маманы Назым Алпысбаева, Маңғыстау облысы, Дін істері басқармасы «Діни бірлестіктермен байланыс және діни экстремизмге қарсы насихат жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Бақытгүл Шопанова, Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, дінтанушы Ұлжан Тұңғатова ой сараптап, ұсыныстарын жеткізді.

Іс-шараға Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен ауылдарының тұрғындары қатысты.