29 Сәуір, 2015

Жасампаздық жемісі

326 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
куаныш султанов-1Дүрілдеген 2015 жылғы пре­зиденттік сайлау да өтіп, тарих төріне шығып, орналасты. Оның қорытындылары мен сабақтары әлі ұзақ мерзім бойына сарапталып, бүгінгі тіршілігімізбен қатар жүрері де хақ. Сайлау нәтижесі әуелден белгілі болғанын осы науқанда халық айтты. Сайлаушылар Нұр­сұлтан Әбішұлының Қазақстан дамуы­ның стратегиялық бағдар­ламаларын бірауыздан қолдай­тындарын айтып жүрді де, сайлау­да өз ұстанымдарын дауыс беру арқылы жария етті. Бұл – осы сай­лаудың ең үлкен, ең басты мазмұндық саяси ерекшелігі деуге болар еді. Солай бола тұрса да, сайлау нәтижелерінің ең алғашқы әсерлері мен ерекшеліктерін айшықтаудың да маңызы қажет-ақ. Біріншіден, сайлау тіпті балама үміткерлер болғанына қарамастан, біртұтас Қазақстан халқының айрықша ынтымақ, бірлігін айғақтады. Бұл сайлау әртүрлі көзқарастағы адамдардың бір ортақ Тұлғаның төңірегіне топтасып, ортақ мүддеге жұмылуы мемлекет үшін де, қоғам үшін де, ертеңгі болашақ жетістіктеріміз үшін де оң ықпал етері анық. Екіншіден, Қазақстан аза­маттарының қоғамдық, мем­ле­кеттік белсенділігінің бұрын-соңды болмаған биікке көтерілуі – біздің еліміздегі құқықтық кеңістіктің толығып, тұрақтануының, оның жай сөз емес, шынайы өмір тынысымен астасып, тір­шілігімізге қалыптасуының көрі­нісі. Қа­зақ­стан азаматтары өз тағ­дырларына, өз мемлекетіне, оның мемлекеттік басқару инс­титут­тарына бейжай қарай алмай­тын­дығын көрсетті. Осындай сапалы көрсет­кіш­тердің нәтижесінде Қазақстанда тіркелген 9 миллионнан астам сайлаушының 95 пайызының сайлауға келіп, өз дауыстарын беруі – мемлекетіміздің, біздің аза­­маттық қоғамның жаңа сапаға кө­терілуінің куәсі. Сөз жоқ, бұл – өр­ке­ниет жолындағы өте сапалы жетіс­тік. Сайлаушылардың белсенділігі жалпы, елімізде сайлаулар тарихында болмаған деңгейге көте­рілгенін айтуымыз орынды. Ел­дің ерекше көңіл-күйі, ықы­ласы, сайлауға мүдделілігі қоғам­ның ауанына жаңа сипат, жаңа сезім берді. Бұл – ел сапасының өскендігі. Үшіншіден, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары өте жоғары ұйымшылдықпен, ешқандай ойдан шығарылатындай сая­си қай­шылықсыз, айқай-шу­сыз, қақ­тығыссыз, дау-дамайсыз, кө­біне салиқалы, ортақ мүд­делілік тұрғысында өтті. Бұл – бір жа­ғынан халықтың өз таң­дау­ларына сенімділігін білдірсе, екінші жағынан біздің қоғамның саяси мәдениетінің, тағы да құ­қық­тық, жалпы қоғамдық мәде­ниетінің өскендігін, жоғары дәре­жесін көрсетеді. Барлық шаралар заң аясында жүргізілді. Заңнан ауытқушылыққа орын берілмеді. Сондықтан да сайлау елімізде заң­дық, құқықтық кеңістіктің тұрақ­талуына оң ықпалын тигізгені де қуанарлық жағдай. Төртіншіден, айрықша ек­пін беріп айтылуға тиісті көрі­ніс – сайлауға, әсіресе, жастар­дың қызығушылығы, құлшы­нысы. Бұл – жастар бұрын сел­қос еді дегендіктен емес. Жас буын әруақытта да өзінің белсен­ділігімен, өмірге деген жарқын ықыласымен ерекшеленетіні белгілі. Осы сайлауға біздің мем­­лекеттік тәуелсіздігіміздің құр­дас­тары – жас буын үлкен саяси күш болып келгенін де айтқанымыз жөн. Олардың көпшілігі сайлау құ­қықтарын өмірінде бірінші рет жүзеге асырды. Және сол құқық­тарын біліп, саналы түрде зор жауап­кершілікпен атқарғандары қуан­тады. Оған дәлел – сайлауалды кездесулердегі жастардың әңгі­ме­лері, қойған сұрақтары, сөйле­ген сөздері, білімдері, дүние­та­нымдары. Жастар Елбасының «Қазақ­стан-2050», «Нұрлы Жол» стра­те­гиялық бағдарламаларының Қазақстан болашағына маңыз­дылығын өте жақсы түсінеді, әрі жауапкершілігін айқын сезінеді. Қуантатын тағы бір жағдай – бұрын сайлау учаскелері таңнан ашылғанда ең алғашқы дауыс берушілер әдетте еңбегі сіңген ар­дагерлер, өмірде көргені көп аға буын өкілдері болса, бұл сайлауда таң ата алғашқы дауыс берушілердің қатарында жастар өте көп болды. Көптеген сайлау учаскелерінде, тіпті, ашыла­тын уақытынан бұрын, кезекке тұрып, шоғырланған сайлаушы­ларды көргенде ерекше әсер се­зінгеніміз де шындық. Ал шетел­дік байқаушылар болса, мұндай көрініске таңғалғаннан басқа амалдары қалмады. Міне, ұлтымыздың, халқы­мыз­дың өскені. Болашаққа зор сенім. Бесіншіден, әрине, бұл сайлау – ел, мемлекет болашағының сайлауы. Сайлаушылар өте саналы түрде Нұрсұлтан Әбішұлының мем­лекетіміздің әлеуетінің кө­терілуіне жоғары баға бере отырып, оның болашағымызға бет алған «Қазақстан-2050», «Мәңгілік Ел», «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» мемлекетімізде дәл бүгін, таяу мерзімде атқарылып, жүзеге асуына тиісті 5 институттық реформаны тұтастай қолдады. Осы орасан бағдарламалардың ел тұрмысына енуіне бүкіл халық үлкен жауапкершілікпен әрі өз Отанының болашағына деген патриоттық сезіммен білек сыбана араласатыны да айдан анық. Түйіндей айтсақ, жалпы сайлау еліміздегі саяси қоғамдық ауанды тазартты, жақсартты, ха­лық­тың көңіл-күйін, рухын, ожданын, санасын жаңа деңгейге көтерді. Сайлау ұлтымыздың ынты­мағын күшейтті. Бүкіл Қазақ­стан халқының тұтастығын тұрақ­тан­дырды. Билікке, мемлекетке сенім күшейді. Нұрсұлтан Әбішұлының Мәңгілік Ел биіктеріне бастаған бүкілхалықтық жорығының жасам­паздық жеңісі болды. Қуаныш СҰЛТАНОВ, Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі.