Ғалым, аудармашы С.Құспановтың оқырмандар қолына көп жылдардан кейін барып тиген кітабы туралы сыр
Дарынды әдебиетші-ғалым, сыншы, аудармашы Сайфулла Құспановтың «Аударма құнары – Душа перевода» еңбектер жинағының жарыққа шығуы еліміздің гуманитарлық ғылымдар саласындағы елеулі оқиға. Әсіресе, бұл әдеби сынмен бүгінге дейін күн тәртібіндегі өзекті болып отырған аударма саласы үшін айтары мол, құнарлы еңбек. Сондай-ақ, ол елу жасқа да толмай, арамыздан ерте кеткен ғалымға ескерткіш.
Сайфулла ағамыз еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. 1950 жылы әскер қатарына шақырылып, одан кейін әскери авиациялық-техникалық училищені аяқтап, біраз жылдар сонау Сахалинде еңбек етті. Бірақ, әдебиетке, білімге деген құштарлығы жеңіп, Алматыдағы Абай атындағы ҚазПИ-де орыс тілі мен әдебиеті және тарих мамандығын игерді. Оның содан былайғы өмірі гуманитарлық ғылыммен, әдебиет сыны, оқытушылық, аударма ісімен тікелей байланысты болды. Үздіксіз ізденістер нәтижесінде академик Қажым Жұмалиевтің жетекшілігімен «Абай поэзиясын орыс тіліне аудару» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Екі халықтың әдеби, рухани өміріндегі маңызы талассыз, өзекті мәні бар осынау ауқымды да күрделі тақырыпты ғалымның бүкіл жан дүниесімен беріле, тынбай зерттегені, тереңдей бойлағаны диссертацияда айқын аңғарылады.
Қолымыздағы «Аударма құнары – Душа перевода» кітабының қомақты бөлігін автордың аталған тақырыптағы еңбегі құрайды. Зерттеуші-ғалым қазақтың кемеңгер ақыны Абай шығармаларының 1936-1958 жылдар аралығында орыс тіліне аударылған: Абай Кунанбаев. Избранные стихи, 1936; Абай Кунанбаев. Лирика и поэмы, 1940; Абай Кунанбаев. Избранное, 1945; Абай Кунанбаев. Избранное, 1951; Абай Кунанбаев. Собрание сочинений в одном томе, 1954; Абай (Ибрагим) Кунанбаев. Избранное, 1958 г. – басылымдары негізінде Абай туындыларының орыс тіліне аударылуына мағыналық, көркемдік, стилистикалық, әрине, сапалық тұрғыдан талдау жасайды.
Екі тілді жетік меңгерген ғалым-зерттеуші С.Құспанов қазақтың бас ақынының қайталанбас, ұлы туындыларының аталған алты бірдей басылымда жарық көрген өлеңдердің орыс тіліндегі аудармасындағы сын көтермейтін деңгейін шегіне жеткізе дәлелдейді. Әлбетте, мұндай биік талаптың үдесінен шығу үшін, ең алдымен зерттеу тақырыбын барынша жан-жақты меңгеру қажет. Осы тұрғыда С.Құспанов ұлы Абай шығармашылығын қысқа саналы ғұмырында терең де мұқият зерделегені аңғарылады.
«К общему нашему сожалению, – дейді Сайфулла ағамыз айқын мысалдар негізінде бұлтартпас дәлелдерін алға тарта отырып: – Абай еще не заговорил на русском языке так, как он говорит на родном... В результате русский читатель еще не знает подлинной поэзии казахского классика». Сөйтеді де отыз бес жыл бойы Абайды аударып жүрген жиырма-отыз ақын... Бродский, Штейнберг, Карабан, Шифферс, Липскеров, Глоба, тағысын-тағылар... Осылардың қайсысы сонау Шыңғыс тауына барып Абаймен ауыл-үй болып отыруға жарайды деген талассыз пікірін білдіреді. Ғалымның бұл тұжырымының әділ, анық екендігін оның ғылыми еңбегінің өн бойынан көз жеткіземіз. Зерттеуші өз жұмысында мұндай сәтсіздіктің бірнеше нақты себептерін ашып көрсетеді, оның ең бастысы, әрине, аударманың түпнұсқа тілден тікелей жасалмауында, тілдің тұнығына бойлай білмеуінде деп біледі.
Мінеки, аударма ісіне асқан жауапкершілікпен қараған қаламгердің өзі орыс тіліне қазақтың классик жазушысы Ғ.Мүсіреповтен аударған бірнеше әңгімелері жинаққа енгізілген екен. Әйгілі қаламгердің қолтаңбасын айқындайтын шағын да, жинақы, ғажап мазмұнды әңгімелері арнайы таңдап алынғаны байқалады. Олар ядролық бомбалардан азап шеккен жапон халқының қасіретін баяндайтын эссе-топтама; бүркітшінің қолында ұсталып, ақыры азаттығын аңсап, өзінің табиғи стихиясына оралған қыран мінезі жайында; қасқырды атамыз деп отырып, құралайды атып алған сәтсіз аңшылықтың өкінішті салдарын баяндайтын; қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтағы адамдар мінезінің ерекшелігін көрсететін шағын хикая; соңғысы сталиндік репрессия жылдарының трагедиясын бір отбасының қайғылы тағдыры арқылы жеткізген дүние. Барлығы – бес әңгіме. Ғ.Мүсіреповтей сөз зергерінің тақырыптары әртүрлі бола тұра, идеялары ортақ, өзектілігі ескірмейтін классикалық әңгімелерін орыс тілді аудиторияға қаз-қалпында жеткізе алған аудармашының өзінің де қалам шеберлігіне көз жеткізесің. Бұл орайда, кемеңгер Ғабаңның іні әріптестіне «Құспанов жолдасқа» деп өз қолымен жазған хаты шығармашылық аманатының белгісі болып танылады.
С.Құспановтың талантты ғалым, шебер аудармашы, жүйрік қалам иесі екендігін толық дәлелдейтін үлкен де ұлағатты еңбегі – «Әдеби жанрлар» атты орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинскийден аудармасы. Академик Қажым Жұмалиевтің өзі анықтағандай: «Белинскийді аудару – өте қиын. Еңбектерінің аударуға қиындығы оның логикалық күштілігінде.., аспанның астындағы әдебиеттерге түгел дерлік сілтеу жасап.., өзінің айтайын деген ой-пікірлерін тіл жетпес көркем образдарға бөлеп нақыштап беруінде. Мұндай қиындықтарды игеру үшін екі тілді де жақсы біліп, екеуінің де көркем қасиеттерін ұғатын табиғи қабілеті бар болуы шарт. Онсыз Белинскийдің шығармалары тәрізді кемеңгер ойдан туған, әрі ғылыми, әрі көркем, әрі ағыл-тегіл фактыларға құрылған данышпандық туындыны екінші тілге аудару мүмкін емес. Егер біз аудармашыға осы тұрғыдан келсек, ол аталған шарттарға жауап бере аларлық дәрежеге көтеріле алған адам деуге болады», – деп бел шәкіртінің атаулы еңбегі туралы толғана жазады.
Енді бұл ауқымды еңбектен бір-екілі үзінді келтірсек: «Вальтер Скоттың көптеген кейіпкерлері шығармадағы барлық әрекеттің түп қазығы, тоғысқан нүктесі болып тұрады, әйтсе де оларда оқушының бар ынтасын сол қазыққа байлап тастарлықтай кесек қылық жоқ», немесе «Гамлетті өшіктіріп, кек деген жалғыз сезімге бөлеп, сол ниетті тезірек іске асыру үшін итермелеудің орнына, шыдамсыз, тағатсыз, болмауды талап етті, өзіңе өзің үңіліп көр деді, өмір мен өлім, мезгіл мен меже, міндет пен мардымсыздық туралы ой туғызды, өзің кімсің дегізді, өзінің татымсыздығы мен дәрменсіздігін аңғартты, өзіне деген жеккөрушілік, жиренушілік сезімді оятты», мінеки, стильдік, мағыналық, логикалық жағынан өте жоғары деңгейде жинақы да жұмыр, қазақ әдеби тілінің тұп-тұнық тамаша үлгісін таныта отырып, мүлтіксіз аударылған осы жолдардан С.Құспановтың ерен еңбегінің биік деңгейін аңғару қиын емес.
Демек, аталмыш аударманың аузы дуалы академиктің көңіл төрінде болуы – бұл еңбектің ұлттық әдебиетіміздегі құбылысты дүние деп атауға толық мүмкіндік береді.
Мұхтар КӘРІБАЙ.

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40