Абықан Аманбайұлы әке жолын қуған азаматтардың бірі болып қалыптасты. Ол еліміз экономикасының дамуына сүбелі үлес қосты. Алматы мал дәрігерлік институтын қызыл дипломмен бітірген соң, еңбек жолын Шелек ауданы, Масақ ауылында мал дәрігерліктен бастады. Ерен еңбегімен ерте танылған Абықанға облыста жаңадан ашылған шаруашылыққа басшы болу ұсынылады. Жас жігіт мұны өзіне деген құрмет деп түсінді.
Абықан Аманбайұлының ұзақ жылғы еңбегі Түрген ауылын көркейтуге арналды. Ол экономикалық мәселелермен бірге, ауылдағы этносаралық келісім мен татулықтың шайқалмауына сергек қарады. Өйткені, облыста қанша ұлт пен ұлыс болса, Түргенде де солардың соншама өкілдері тұрады. Сондықтан ешкімді алаламай, барлық этностың теңдігін, татулығын жарастыру жолдарын іздеді, олардың мәдениетін, салт-дәстүрін дамытуды ойластырды. Сол үрдіс кейін де, бүгін де өз нәтижесін көрсетіп келеді.
Абықан ағаның өмір жолына зер салатын болсақ, ол ауыл шаруашылығын дамытумен бірге, ауданда, ауылда білім саласын дамытуға да өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Оның еңбегі Үкімет тарапынан да, халық тарапынан да аталып өтілді. «Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальмен наградталды. Абықан Жексенбеков – Түрген ауылының құрметті азаматы. Өмірінің соңғы жылдары киелі Түрген ауылының әкімі қызметін атқарды.
Ол егемендіктің алғашқы жылдары қазақ тілі мәртебесін көтеруге, қазақ мектептерін ашуға белсене атсалысты. Түргенде орыс тілінде екі мектеп бар еді. Қазақ мектебі болмаған. Ауылдың тарихында мұнда қазақ мектебі болмаған екен. Осыған белсене араласты. Сөйтіп, Түргендегі Ильич атындағы мектептің атын өзгертіп, оны мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруді қолға алды. Соның арқасында мектеп те, көше де Д.Қонаевтың атын иемденді.
Білім беру ісінің дамуына қосқан үлесі үшін ол «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің озат қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Оның бойында адамға деген жақсылық, сүйіспеншілік, өз мүддесінен бұрын халық ісін бірінші кезекке қоятын нағыз азаматтығы, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілік сезімдері жоғары болды.
Абықан Аманбайұлының есімі ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Өзі ашқан, қазақтың қара көздерін біліммен сусындатуды мақсат еткен Түрген орта мектебінде жыл сайын Абықан Жексенбековке арналған арнайы шаралар өткізіліп отырады. Сол шараларды ұйымдастыратын әрі оған қолдау көрсететіндер Абықан аға әулеті. Ағаның ұл-қыздары мектепке қажетті жабдықтармен, компьютерлік құрылғылармен, ақпараттық құралдармен, интерактивті тақталармен, т.б. қамтамасыз етіп отыр. Жыл басындағы Түрген қазақ орта мектебінде Абықан Жексенбековке арналған оқу және спорттық жарыстар өткізіледі. Онда мектеп оқушылары Абықан ағаның өмір жолымен, еңбек жолымен танысады.
Ауылдастары оны «Абықан – мұзжарғыш кеме, өйткені, ол қандай істе болсын топты бастап басында өзі жүреді» дейді. Түрген ауылын көркейтуге, халқының тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бүкіл ғұмырын арнаған Абықан Жексенбековтің игілікті істерін бүгінде әркім айтып жүр.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы,
Еңбекшіқазақ ауданы.

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40