Биылғы сайлауда келешектен, жақсылықтан үміті бар кез келген азамат елімізді, қазақ жұртын төрткүл дүниеге танытып, жиырма жылдан аса өзінің басқару жүйесімен, басқару талантымен мойындалған өз Президенті Нұрсұлтан Әбішұлын таңдады деп ойлаймын. Сондықтан да Нұрсұлтан Назарбаевқа отбасымызбен дауыс бердік.
Мен ол кісіні әлемдік деңгейдегі басшы деп есептеймін. Егер біздің еліміз осы жолмен, осы бағытпен кете берсе, қай жағынан да жаман болмаспыз. Әсіресе, елдегі тыныштықты айтсаңызшы. Тіпті, жай ғана отбасыңда тыныштық болмаса, берекең кетпей ме. Ал бүкіл бір елдің тыныштығын, береке-бірлігін сақтау – ол сол елді басқарып отырған басшысының жүргізетін саясатына тікелей байланысты. Осы реттен келгенде біздің еліміздің бағы жанды. Нұрекең бір ұлттың қабағына көлеңке түсірмей, бір ұлысты бөтен көрмей өз халқымен бірдей тең ұстап отыр. Бұл көрегендігі, көшелілігі, ақыл-парасаттылығы. Қараңызшы, бүгінгі күннің райы, халықтың көңіл-күйі қандай көтеріңкі. Көшеде өтіп жатқан мерекелік іс-шаралар – бәрі халыққа керек.
Әсіресе, шығармашылық адамдарына шабыт беретін жақтары көп. Өйткені, адам көп нәрсені көңіл-күйге байланысты жасайды. Оны өзім аңғарамын. Кейде спектакльге ойнауға барғанда көңіл-күйің бұзылып барсаң, бәрібір сыр бересің. Ал көңіл-күйің көтеріңкі болса, тауды аударып тастауға дейін шамаң болады. Бір болған оқиға бар дейді. Бес жасар қыз үлкен ауыр жүк көлігінің астына түсіп қалып, «мама!» деп айғайлағанда, анасы сондай бір күшпен көлікті аударып жіберген ғой. Сиқырлы күш дегеніміз осы шығар. Бұл рас болуы керек. Мен оған сенемін. Біз – шабыттың адамымыз. Адамның шамасынан тыс күші бар. Сол күш Нұрсұлтан інімде пайда болсын. Сондай күшпен жұмыс істейді деп сенгендіктен оған дауыс бердім. Бұл – менің шын жүректен шыққан сөзім. Шынымды айтып отырмын. Өйткені, шындық жеңеді.
Асанәлі ӘШІМОВ,
Қазақстанның халық әртісі.

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10