Аймақтар • 26 Қазан, 2024

Алматы облысында пәтер өртінен зейнеткер зардап шекті

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 қазанда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында пәтер өртінен зейнеткер зардап шекті

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялады. Ал қалған 15 тұрғын өздігінен далаға шыққан.

Құтқарушылар өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол бермей, 70 шаршы метр аумақты алған жалынды сөндірді.

«Өрт салдарынан 1957 жылы туған әйел адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі анықталып жатыр»,  делінген министрлік хабарламасында.