Қоғам • 28 Қазан, 2024

Елімізде 52 мектеп бала асырауға ниетті ата-аналарды тегін оқытады

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұндай мағлұмат Оқу-ағарту министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 52 мектеп бала асырауға ниетті ата-аналарды тегін оқытады

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Бүгінде 20 өңірде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, 52 асырап алушы ата-аналар мектебі аталған санаттағы балаларды тәрбиелеуге қатысқысы келетін азаматтарды психологиялық даярлауда шешуші рөл атқарады.
 
Жаттығулар тренинг форматында өтеді  және  оған қатысу тегін. Оқу ұзақтығы 42-ден 60 академиялық сағатқа дейін,  соңында сертификат беріледі, бұл – олардың бала асырап алуға әлеуетті екенін білдіреді.

«Балалардың тәрбиесі мен эмоционалдық дамуын терең түсінуге бағытталған мектебіміздің арқасында біз үміткерлердің балаларды асырап алуға дайын немесе дайын еместігін анықтай аламыз», деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Дайындықтан өтуге ниет білдірген үміткерлер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың біріне еркін нысанда жазбаша өтінішпен жүгіне алады.