Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Алғашқы айналымда Төрехан Сабырханның (67 келі) қарсыласы, жергілікті боксшы жекпе-жектен бас тартты.
Чемпионаттың екінші айналымында отандасымыз ауғанстандық былғары қолғап шеберін 5:0 есебімен тізе бүктірді.
Енді Төрехан Сабырхан ширек финалда өзбек боксшысы А. Ахмадовқа қарсы шаршы алаңға шығады.
Қазақстан бокс федерациясының мәлімдеуінше, бұл жекпе-жек 29 қазанға белгіленген.