Әлем • 28 Қазан, 2024

Түркияның оңтүстігінде жер сілкінді

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның оңтүстігінде жер сілкінді

Фото: aikyn.kz

Төтенше жағдайлардың салдарын жою басқармасының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қозан ауданында тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі шамамен 20 шақырым тереңдікте орналасқан.

Провинция тұрғындары зілзаладан үрейленіп үйлерін тастап кеткен. Тіпті, жер сілкінісі көршілес аудандарда да сезілген.