Фото: Qazsporttv
Мысырдың Исмаилияда қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінде үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Жания Бекмұхамбетова 13 жас санатында үздік деп танылды. 11 жасар жерлесіміз 7 матч өткізіп, барлығында қарсыластарын жеңіп, алтынннан алқа тақты.
Айта кетсек, биыл тамыз айында ол Хорватиядағы турнирде жеңіске жеткен.