Фото: instagram.com/azamat_sarsenbayev
Азамат Сәрсенбаевтың айтуынша, қырылған итбалықтар қызыл кітапқа енген.
Итбалықтардың жаппай қырылу себебін ауыл шаруашылығы министрлігі зерттеуге кіріскен. Министрлік Каспий жағалауына мониторинг жүргізу ісі жалғасып жатқанын да мәлімдеді.
«24 қазанда Жайық-Каспий облысаралық бассейні балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында итбалықтардың өлексесін тапты. Ол жерге инспекция, жергілікті атқарушы органдар, гидробиология және экология институты, «Qazaq balyk» республикалық балық шаруашылығы және аква-мәдениет қауымдастығы филиалының өкілдері жедел жетті. Итбалықтардың қырылу себебі тиісті зертханалық зерттеулерден кейін белгілі болады», делінген ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.