Қоғам • 28 Қазан, 2024

Бишімбаев ісіне төрағалық еткен судья марапатталды

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотында марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бишімбаев ісіне төрағалық еткен судья марапатталды

Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Айсұлу Сламбекова салтанатты түрде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Көлбаеваға ведомстволық награданы табыс етті.

«Іс-шарада Айжан Көлбаева сот жүйесіндегі көп жылғы жемісті және мінсіз қызметі, сондай-ақ оның дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды», делінген соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Марапатты табыстау барысында Сламбекова сот төрағасының адал қарым-қатынасын, істерді қарау сапасын атап өтіп, одан әрі жұмысына табыс тіледі.

Айта кетсек, 2024 жылы 24 қазанда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіндегі прокурорлар – Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков те мемлекеттік наградаға ие болған болатын.