Ауа райы • Бүгін, 01:08

Қазгидромет 13 өңірде дауылды ескерту жариялады

59 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 29 қазанда еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазгидромет 13 өңірде дауылды ескерту жариялады

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың тау асуларында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шымкентте, Түркістанда, сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болса, батысы мен солтүстігінде тұман түседі. 

Ақмола облысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан соғатын солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда да, Астанада да тұман, көктайғақ болады деп болжануда.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең 25 м/с дейін жетеді. Семейде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертеңгі екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Жезқазғанда көктайғақ болады деп болжанады.Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және  Орал қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Қарағанды облысында, батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деген болжам бар. Батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.