29 Қаңтар, 2015

Қарым-қатынастар жайы сөз болды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Әңгіме барысында, екіжақты сауда-экономи­калық қарым-қатынастарды дамытудың көкейкесті мәселелері қаралып, сонымен бірге, ақпан айының басында Мәскеуде өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының күн тәртібі талқыланды.