29 Сәуір, 2015

Белгілі өнер жұлдызы Батырхан Шөкенов қайтыс болды

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-04-15-shukenov-1

АСТАНА. 29 сәуір. Белгілі өнер жұлдызы, «А’Студио» тобының әншісі Батырхан Шөкенов кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы «Вести.Ru» хабарлады. «Қазіргі заманғы Ресей музыкасы ауыр қайғыға ұшырады. Жасы 53-ке қараған шағында музыкант,  «А’Студио» тобының солисі Батырхан Шөкенов қайтыс болды. Алдын ала мәліметке қарағанда, ол жүрек талмасынан өлген», - делінген LifeNews жариялаған хабарламада. Батырхан Шөкенов Қызылорда қаласында туған. Ол өзінің музыкадағы мансабын Роза Рымбаеваның тобында саксофонист ретінде бастады. 1988 жылы өзі достарымен бірге құрған «А’Студио» тобының әртісі болды. Кейін осында «Джулия» деген хитін шығарды. Ансамбльге бүкіл халық еліккен табыс Алла Пугачева негізін қалаған «Рождественские встречи» хабарына қатыса бастағаннан кейін келді. Әнші 2000 жылы жеке мансабын жасамақшы болып «АСтудионы» тастап кетті. Батырхан Шөкенов 2007 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өнер жөніндегі кеңесшісі болды. Ал 2009 жылғы қарашада Қазақстанның ЮНИСЕФ-тегі елшісі болып бекітілді. Әнші алдағы 18 мамыр күні 53-ке толатын еді. Қайрат Құлымбет. Дерек, сурет: Вести.Ru.