Аймақтар • 29 Қазан, 2024

Ақмола облысында 15 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мемлекетке пайдаланылмайтын жер учаскелері қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмола облысында 15 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Фото: Ашық дереккөз

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Ерейментау ауданының прокуратурасымен пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару шаралары тұрақты негізде жүргізіліп жатыр.

Биыл қадағалау актісінің негізінде жалпы кадастрлық құны 150 млн теңгені құраған, жалпы ауданы 15 мың гектарды құрайтын 3 жылдан астам мақсаты бойынша пайдаланылмаған 6 жер телімі қайтарылған.

Сондай-ақ аудан прокуратурасының бастамасымен жалпы кадастрлық құны 408 млн теңгені құрайтын ауданы 59,2 мың гектар 8 жер телімін алып қою бойынша азаматтық істер сотта қаралып жатқандығы хабарланды.