Фото: olympic.kz
Геннадий Головкин 19 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының қатысушыларына қолдау көрсетіп, естелік суретке түсті.
Ол кездесу барысында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада бағдарламасында боксты сақтап қалу үшін аянбайтынын айтты.
«Қазіргі таңда араларыңызда болашақ чемпиондар, Лос-Анджелестегі ойындарға қатысатын олимпиадашылар бар. Өз тарапымнан боксты Олимпиаданың жарыс бағдарламасында сақтап қалу үшін қолымнан келгенін істеймін деп уәде беремін», деді Геннадий Головкин.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті жас боксшыларға сәттілік тілеп, биікке ұмтылуға шақырды.