Фото: Ақорда
Кездесуде Мемлекет басшысы жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы орындау үшін екі ел үкіметтерінің бірлесе күш-жігер жұмылдыруы керек екенін атап өтті.
«Бүгін Сіздің еліңізге Президент Хурэлсухтың шақыруы бойынша арнайы мемлекеттік сапармен келіп отырмын. Қазақстан мен Моңғолияның арасындағы ынтымақтастыққа стратегиялық сипат беру үшін екі ел үкіметтері алдында тұрған міндеттерді айқындадық. Шын мәнінде, бізге экономикалық байланыстарымызды дамытуға тың серпін беретін өте ірі жобалар қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.