Фото: Oqu-agartu ministrligi
Оған ауданнық кезеңнің 12 мыңнан астам жеңімпазы қатысып жатыр. Олимпиада дәстүрлі форматта екі турда 13 пән бойынша өтеді. Үшінші кезеңнің жеңімпаздары республикалық (қорытынды) кезеңге жолдама алады.
Аталған білім бәйгесі былтырдан бері өткізіліп келеді. Мақсаты – ауылдан келген дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, кәсіптік бағдар беру мен сапалы білім алу мүмкіндіктерін кеңейту.
Естеріңізге салайық, бірінші кезеңге 113 мыңнан астам оқушы тіркеліп, оның ішінде екінші (аудандық) кезеңге 53,5 мың оқушы қатысқан.