АСТАНА. 29 сәуір. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында қайта сайланған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтті. Онда Елбасы Қазақстан халқына ант берді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Ұлықтау рәсімі өтетін салтанатты залға алдымен Қазақстан Республикасының Туы, штандарты және Конституциясы әкелінді. Бұдан кейін Елбасы Ақордадан шыққан сәтінен бастап, Тәуелсіздік сарайына дейін арнайы салтанатты кортежбен жүріп өтті. Сонымен қатар, Заңға сәйкес, Республика Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға қолын қойып тұрып: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», – деп халыққа ант берді.
Осы сәттен бастап Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады. Республика Президентi анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтты. Ант беру салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ, басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтті.
Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалды. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Президентке Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн тапсырды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: «ҚазАқпарат».
Сурет: egemen.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше