Спорт • 30 Қазан, 2024

Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының «алтыны» үшін күреседі

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Жәмилә Бақбергенова финалда белдеседі, деп жазады Egemen.kz.

Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының «алтыны» үшін күреседі

Фото: olympic.kz

Олимпиадалық емес салмақ санаты бойынша өтіп жатқан әлем біріншілігінің жартылай финалында отандасымыз моңғолиялық Болортунгалаг Зоригтпен кездесті. 

Ұлттық олимпиадалық комитет таратқан ақпаратқа сай, Жәмилә жартылай сындағы қарсыласын 8: 6 есебімен тізе бүктірген. 

Енді ол финалда бірнеше күн бұрын жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған жапониялық балуан Ами Исиге қарсы бозкілемге шығады. 

Бұл бәсеке бүгін өтеді деп жоспарланған. 

 

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:47

Бірліктің жоғары көрсеткіші

Референдум • Бүгін, 08:50